Аштық жариялаған «саяси тұтқын» Кенжебек Әбішев ауруханаға түсті

Әбішев мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылмағанына наразы болып, Тоқаевқа хат жолдаған


15/04/2021
14:37 43870 0

Фото: Кенжебек Әбішев оң жақта. Фото: bureau.kz

 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, аштық жариялаған «саяси тұтқын» Кенжебек Әбішев қазір ауруханада жатыр. Мұны оның адвокаты Гүлнара Жуаспаева Facebook парақшасында хабарлады. 

 

«Кеше оны (Әбішевті — ред.) сағат 22:00-дерде жеткізгенін естідік. Қазір карантинге байланысты ешкімді ішке кіргізбей жатыр», — дейді адвокат тікелей эфирде. 

 

12 сәуірде БАҚ Кенжебек Әбішев заңсыз сотталғанына, сот мерзімінен бұрын босап шығу өтінішін қанағаттандырылмағанына шағымданып Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазғанын, аштық жариялағанын хабарлаған еді.

 

Әбішев 2018 жылы «терроризмді насихаттады» және «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деп жеті жылға қамалған еді. Былтыр оның жаза мерзімі 8 айға қысқарды. 10 наурызда тұтқын мерзімнен бұрын босап шығу туралы өтініш жазып еді, бірақ сот қанағаттандырмады. Құқық қорғаушылар тұтқынды саяси тұтқындар тізіміне қосқан еді.

Біз бұрын саяси тұтқын кім екенін, оның басқа тұтқындардан қандай айырмашылығы барын айтқанбыз. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

15/04/2021 14:37
43870 0

Уведомление